Медициналық ұйымдарға айыппұл салынды

25.12.2025

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Шымкентте бірқатар аурухана мен емханаға 1,5 миллиард теңге айыппұл салынды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, өңірдегі емдеу мекемелеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 274 мыңнан астам заңбұзышылық  анықталған. 

Тәуелсіз сарапшылардың тексеру қорытындысына сәйкес халыққа негізінен консультациялық-диагностикалық қызмет дұрыс көрсетілмеген. Сонымен қатар науқастардың арыз-шағымына талдау жасалып, емдеу сапасына қатысты да бірқатар сын тағылды. Осыған байланысты мекемелердің басшысына ішкі аудит қызметінің жұмысын күшейтуге және репутациялық менеджментті дамытуға нұсқау берілді. 

Сәуле Дүйсенбаева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» филиал директоры:

-  Барлығы мониторинг қорытындысымен таныстырылады. Мекемелер қол қояды. Ал келіспеген жағдайда олар қарсылығын білдіруге толық құқығы бар. Салынған айыппұлдың барлығын автоматты түрде ұсталынады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью