Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
— Президент тапсырмасы бойынша медициналық көмекті халықтың нақты қажеттіліктеріне, демографиялық және көші-қон деректеріне сүйене отырып жоспарлауға көшеміз.
Қаржыландыру көлемі ең тиімді мемлекеттік және сенімді жеке емханаларға бағытталады.
Қосарланған төлем мен жалған есепті болдырмау үшін бірыңғай цифрлық бақылау енгізілмек.
Қосарланған төлемдер салыстырылып, барлық қаржыландыру көзінің мәліметтері біріктіріледі.
Пациенттермен кері байланыс мобильді қосымша арқылы жүзеге асады, — деді вице-премьер.
Сондай-ақ, ол медициналық қызмет сапасын бақылау күшейіп, лицензиялау талаптары қатаңдайтынын айтты.
— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қаржы министрлігіне берілді.