Медина мен Жиддадан бірнеше рейс жасады : Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жалғасып жатыр

04.03.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;

KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар  SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуекемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью