Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
The Associated Press хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz ірі мегаполистің шөгу себептерін түсіндіреді.
Мексика астанасы мен оны қоршаған қалалар ежелгі көлдің табанында салынған. Аумағы шамамен 7800 шаршы километр болатын, халқы 22 миллионға жуық бұл ірі мегаполистің көшелерінде бұрын үлкен арықтар болған.
Жерасты суын жаппай сорып алу мен қалалық құрылыстың кеңеюі су қабатын қатты азайтты. Соның салдарынан Мехико бір ғасырдан астам уақыт бойы шөгіп келеді. Осы процестің әсерінен көптеген тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттар, соның ішінде құрылысы 1573 жылы басталған кафедралды собор, бір жағына қисайып кеткен. Су қабатының азаюы созылмалы су дағдарысын да күшейткен. Бұл жағдай алдағы уақытта одан сайын ушығуы мүмкін.
Мексиканың Ұлттық автономды университетінің геофизик зерттеушісі Энрике Кабраль: «Бұл Мехиконың метро, дренаж жүйесі, су құбыры, ауызсу желісі, тұрғын үйлер мен көшелер сияқты аса маңызды инфрақұрылымына зиян келтіріп отыр. Бұл өте үлкен мәселе», – дейді.
NASA есебіне сәйкес, кейбір аудандарда шөгу айына орта есеппен 2 см жеткен. Бұндай қарқын әсіресе басты әуежай маңында және «Тәуелсіздік періштесі» ескерткіші жанында байқалады. Жалпы алғанда, бұл жылына шамамен 24 см деген сөз.
Энрике Кабраль бір ғасырдан аз уақыт ішінде қала 12 метрден астам төмен түскен айтып: «Бізде жер шөгуінің әлемдегі ең жоғары қарқындарының бірі бар», – дейді.
NASA бағалауы 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі NISAR спутнигінің өлшемдеріне негізделген. Бұл – NASA мен Үндістанның ғарыш зерттеу ұйымының бірлескен жобасы. NISAR ғалымы Пол Розеннің сөзінше, бұл технология «жер астында шын мәнінде не болып жатқанын» да көрсетеді. Оның айтуынша, «мәселенің бүкіл ауқымын көруге болады». Мексикалық зерттеуші Энрике Кабральдың пікірінше, жағдайды ұзақ мерзімде жеңілдетудің алғашқы қадамы – оны толық түсіну болуда.