Мейіргүл Жетпісбаева: Парламент қызметін қайта құру мемлекеттің институционалдық тұғырын н…
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялаудың жаңа бағдаршамына айналды.
Бұл баяндама жай ғана өзгерістер емес, Қазақстанның мемлекеттік құрылымының сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілуін айқындап берді.
Реформаның өзегі − Парламенттің рөлін күшейту және оны халықтық биліктің шынайы институтына айналдыру.
Бір палаталы Парламентке көшу және оны халқымыздың төл тарихындағы қастерлі ұғым − Құрылтай деп атау туралы ұсыныс билік пен қоғамның арасындағы алтын көпірді қайта қалпына келтіреді.
Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды Бұл реформа Парламенттің заң шығару қызметін де түбегейлі өзгертеді: ендігі жерде заң жобалары үш кезеңнен тұратын жаңа процедурамен – алдымен жалпы мақұлдау, сосын өзгерістерді бекіту және соңғы кезеңде қабылдау арқылы өтпек.
Мұндай тәсіл қабылданатын заңдардың сапасын арттырып, әрбір норманың жан-жақты сарапталуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, Парламент қызметін қайта құру арқылы мемлекеттің институционалдық тұғыры нығайып, «Күшті Президент − ықпалды Парламент − есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген орнықты саяси жүйе толыққанды қалыптасады.
Читать полностью
Читать новость