Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке міндетті үміткер болып саналады.
Алайда белбеу иегері Карлос Адамеспен жекпе-жек осы уақытқа дейін болған жоқ.
Кәсіпқой бокста жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов соңғы кездесуін 2023 жылдың қараша айында өткізді.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен жекпе-жекте ол төрешілердің бірауыздан шешімімен чилилік Хулио Аламосты тізе бүктірді.
Ол қазір WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Карлос Адамеске қарсы титулдық жекпе-жекті күтіп, оған міндетті үміткер ретінде саналып отыр.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясын отандасымыздың ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбеуі алаңдатып отыр.
Федерация президенті Рахымжан Ерденбеков боксшы ол жайында WBC президенті Маурисио Сүлейманмен жеке талқылағанын айтты.