Меккеде Қағбаның жабынын ауыстырды

16.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Report

Жаңа жабынды тігу үшін шамамен 825 келі таза жібек, сондай-ақ шамамен 120 келі күміс пен алтын қолданылады.

Жабынға Құран аяттары мен дұғалар алтын және күміс жіптермен кестеленген.

Ауыстыру процесі бірнеше сағатқа созылды. Ескі жабынды шешу барысында бір уақытта жаңасы кигізіледі.

Алдыңғы жабын шешілгеннен кейін зәмзәм суымен жуылып, кейін мұсылман елдеріне, музейлерге экспонат ретінде беріледі, сондай-ақ кейбір мемлекет басшыларына сыйлық ретінде табысталады.

Бұған дейін Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылатыны туралы жариялаған болатынбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью