Мексика Оңтүстік Кореяны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды

19.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: sports.kz

Матчқа уругвайлық Густаво Техера бастаған төрешілер бригадасы қызмет көрсетті.

Кездесудегі жалғыз голды 50-минутта Луис Ромо соғып, мексикалықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Хавьер Агирре жаттықтыратын команда 6 ұпаймен өз тобында көш бастап, келесі кезеңге жолдама алды. 

А тобындағы үшінші турда Мексика Чехия құрамасымен ойнайды, ал Оңтүстік Корея Оңтүстік Африка Республикасымен кездеседі. Екі матч та 25 маусымға жоспарланған.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді

Айта кетейік, Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында жеңіске жетті. Ванкуверде өткен матчта олар Қатар құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью