Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Getty Images
Мексиканың плей-оффтағы жеңісінен кейін жанкүйерлердің көптігінен Мехико орталығында үш адам тұншығып көз жұмды. Қаза тапқандар арасында 48 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адам және 19 жастағы бойжеткен бар.
Сондай-ақ ондаған адам түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Оқиға кезінде жедел жәрдем қызметкерлері қаланың әр бұрышында ес-түссіз жатқан адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда дәрігерлер үш адамның өмірін сақтап қала алмады.
Әлем чемпионатындағы ерекше жанкүйер: матч бойы бір қалыпта тұратын Лумумба кім?
Мехико қаласының мэрі Клара Бругада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қала әкімдігі қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол тұрғындарды жеңісті тойлау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзгелерге құрметпен қарауға шақырды.
Айта кетейік, Мексика құрамасы Эквадорды 2:0 есебімен жеңіп, 1986 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі матчта жеңіске жетті. Осылайша команда турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.