Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ауқымды инсталляцияны мексикалық Dears қауымдастығының мүшесі, әуе шарларынан мүсін жасаумен айналысатын суретші Ольга Лидия «Эрнандес» шығармашылық тобы және Dimash & Dears Regias фан-клубының қатысушыларымен бірлесіп әзірлеген.
Жоба Димаш Құдайбергеннің DiMENSIONS жаңа әлемдік турын қолдау мақсатында қолға алынған. Атап айтқанда, 2026 жылғы 14 қарашада Монтеррей қаласында өтетін концерт қарсаңында ұйымдастырылған бұл бастама қала тұрғындарын қазақ әншісінің шығармашылығымен жақынырақ таныстыруды және алдағы концертке жұртшылықтың қызығушылығын арттыруды көздейді.
Бүгінде ерекше мүсін сауда орталығына келушілердің назарын өзіне аударып, әлеуметтік желілерде де кеңінен талқылануда. Әуе шарларынан жасалған алып бейне Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алдағы концертіне деген зор ықыластың көрінісі ғана емес, қазақ өнерінің шекара асып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрерменнің жүрегіне жол тапқанын айғақтайтын әсерлі мәдени оқиғаға айналды.