Мектеп емес, TikTok тәрбиелейді . Депутат әлеуметтік желілердегі зиянды контентті шектеуді ұсынды

17.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков қазақ тіліндегі балаларға арналған сапалы цифрлық контенттің тапшылығын айтып, TikTok, YouTube және Instagram желілеріне бақылауды күшейтуге шақырды. Ол тиісті сауалын премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков қазақ тіліндегі балаларға арналған сапалы цифрлық контенттің тапшылығын айтып, TikTok, YouTube және Instagram желілеріне бақылауды күшейтуге шақырды. Ол тиісті сауалын премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Депутаттың айтуынша, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер интернетте көбірек уақыт өткізіп, онлайн-ойындардың, қысқа бейнероликтер мен әлеуметтік желі алгоритмдерінің ықпалында қалады.

"Біз бүгінде балаларымыздың санасын мектеп емес, көбіне TikTok қалыптастырып жатқанын мойындауымыз керек", - деді Данабек Исабеков.

Депутат қазақ тілді мультфильмдер, танымдық платформалар, ғылыми-ағартушылық бағдарламалар мен балалар медиажобалары жаһандық цифрлық алаңдардағы контент ағынына әзірге бәсекелестік тудыра алмай отыр деп санайды.

"Нәтижесінде клиптік ойлау жүйесі күшейіп, ұлттық мәдени код әлсіреп, шетелдік мәдениеттің ықпалы артып жатыр. Ал қазақ тіліндегі сапалы цифрлық орта әлі де қалыптасқан жоқ", - деп атап өтті мәжілісмен.

Оның сөзінше, Қазақстанда қазақ тіліндегі мультфильмдер, ғылыми-көпшілік YouTube-жобалар, балаларға арналған білім беру және IT-платформалар жеткіліксіз. Сонымен қатар балалардың психологиясына кері әсер ететін контентті бақылау әлі де әлсіз күйде қалып отыр.

Осыған байланысты Исабеков үкіметке келесі шараларды ұсынды:

қазақ тіліндегі балаларға арналған цифрлық контентті дамытудың мемлекеттік стратегиясын әзірлеу; жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіздігін күшейту; TikTok, YouTube, Instagram және басқа да платформалардағы зиянды контентті шектеу тетіктерін жетілдіру; қазақ тілді анимацияны, балалар киносын, білім беру және ғылыми-ағартушылық медиажобаларды қолдауды арттыру.

"Қазіргі ақпараттық әлемде мемлекет шекарасы тек аумақпен ғана емес, ақпаратпен де қорғалады", - деп түйіндеді Данабек Исабеков.

Мән-жайы

2025 жылдың желтоқсанында Қазақстанда 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн-платформаларға тіркелуіне тыйым салуды қарастыратын заң жобасы дайындалды. Мессенджерлер үшін ерекшелік жасау ұсынылды.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмағандардың TikTok-қа кіруін шектеу туралы идеяны қолдаған болатын. Ведомство Қытайда балалар үшін қосымшаны пайдалану уақытына шектеу қойылғанын және онда негізінен білім беретін контент көрсетілетінін атап өтті.

2025 жылы 47 отандық мультфильм өндірісіне 1,3 миллиард теңге жұмсалғанын анықтадық. Сонымен қатар, олардың ешқайсысы кинотеатрларға шыққан жоқ, ал жобалардың көпшілігі YouTube-те 1000-нан аз қаралым жинаған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью