Мектеп оқушылары мен жеңілдік санатындағы азаматтарға LRT төлем картасын қайдан алуға болады?

13.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: CTS

Картаны рәсімдеу жолдары:

барлық LRT станцияларында – бірден беріледі; transcard.kz сайты арқылы онлайн – дайын карта Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық кассадан беріледі.

Картаны рәсімдеу құны – 1200 теңге.

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Атаулы көлік картасын:

елордадағы оқу орындарында оқитын 7-18 жас аралығындағы оқушылар; Астанада тіркеліп, тұрақты тұратын және қалалық мәслихат бекіткен жеңілдік санатына жататын азаматтар ала алады.

LRT атауы өзгереді

Рәсімдеу үшін:

туу туралы куәлік немесе жеке куәлік; оқу орнынан анықтама немесе жеңілдікті растайтын құжат; 3×4 фотосурет қажет. Қажет болған жағдайда касса қызметкері суретті сол жерде түсіре алады.

Карталар станцияларда күн сайын 07:00-19:45 аралығында рәсімделеді (үзіліс: 13:00-14:00).

Қалалық және қала маңындағы автобус бағыттарына арналған көлік карталары тек орталық кассада беріледі.

Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью