Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті, деп жазады Egemen.kz.
«Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау» тақырыбындағы шараның маңызы зор. Астана қалалық Білім басқармасының қолдауымен елордадағы Психологиялық қолдау орталығы мен Байқоңыр ауданының прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырды.
«Кездесудің мақсаты – әрбір оқушының іс-әрекеті болашақта өз тағдырына әсер ететінін көрсету, заңды түсіндіру. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қылмыстық кодексте аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (оның ішінде адам өлтіру бойынша) 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады. Мәселен, ұрлық жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру болмаса шектеу жазасы, алаяқтық бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген. Бір қылмыс жасағаны үшін 5 жылдан 8 жылға дейін темір торда отыру оңай емес. Сол үшін әр әрекетті жасамас бұрын алдымен сан рет ойланған жөн. Бастысы күмәнді әрекеттен аулақ болыңыздар. Біз өз тарапымыздан қылмыс жасамауға, заңға бағынуға шақырамыз», деді Байқоңыр ауданы прокуратурасы Қылмыстық қудалау бөлімінің басшысы Мұхтар Өсерхан.
Былтыр «Байқоңыр» ауданында кәмелетке толмағандар арасында 36 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 11іс – ұрлық, 14 іс – алаяқтық, қалғаны ұсақ қылмыс.
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
![]()
«Бүгінгі іс-шара жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруды, ерте кәсіптік бағдар беру, мамандық таңдау, өз болашағына қатысты өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауда жауапты әрі саналы көзқарас қалыптастыруға үндейді. Әсіресе ерекше назар жеке мотивацияға және өз болашағы үшін жауапкершілікке аударылды. Кездесу барысында астаналық оқушыларға «Әнші» фильмі көрсетілді. Оның идеясы – позитивті бағдар қалыптастыруға, өзін-өзі көрсетуге, өмірлік жолды саналы түрде дұрыс таңдауға бағдар береді», деді Астана қаласы Білім басқармасы Қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы Сұлтан Иманжан.
Жиында сөз сөйлеген спикерлер оқушыларға оңай жолмен ақша табудың салдарын түсіндіріп, ақыл-кеңесін берді. Психолог Гүлмира Қапанова мектеп оқушыларына албырттықпен, еркелікпен, ағаттықпен жасаған оғаш әрекеттің ақыры өмір бойы опынуға әкелетінін түсіндірді. №119 мектептің директоры Гүлжан Жиениқызы заң мен тәртіп қағидатын жан жақты саралап, ұғындырған қонақтарға алғысын жеткізіп, мұндай ілкімді кездесудің маңызы жоғары екенін айтты.
Кездесу аясында мектеп оқушылары «Q-Arts Production» продюсерлік орталығының демеуімен жасөспірімдердің өздері түсірген «Әнші» фильмін тамашалады. Фильмнің идеясы позитивті бағдар қалыптастырып, дұрыс жолды таңдап, ішкі қалауының орындалуы әркімнің өз қолында екендігін ұғындырады.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50
Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба
Жастар • Бүгін, 08:48
Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды
Футбол • Бүгін, 08:45
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Жастар • Бүгін, 08:43
Теңге • Бүгін, 08:40
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Digital • Бүгін, 08:38