Мектеп пәндері біріктіріле ме? Министр мәлімдеме жасады

27.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда мектеп пәндерін біріктіру туралы жоспар уақытша тоқтатылды. Бұл шешім педагогтермен және сала мамандарымен өткен талқылаулардан кейін қабылданды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: shefit.m.ru

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында министрлік оқушылардың оқу жүктемесін азайту мақсатында бірқатар пәндерді біріктіру мүмкіндігін қарастырған еді. Атап айтқанда, алгебра мен геометрияны «математика» пәніне, физика, химия және биологияны «жаратылыстану ғылымдарына», ал дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымға» біріктіру ұсынылған болатын.

Пәндерді жалаң біріктіру: Қателік қайталана ма?

Алайда бұл бастама жан-жақты сараланып, білім беру қауымдастығымен кеңінен талқыланған соң, әзірге жүзеге асырылмайтын болды.

«2025 жылы алқалы жиында үш пәнді – физика, химия, биологияны «жаратылыстану ғылымдарына», алгебра мен геометрияны «математикаға», дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «әлеуметтік ғылымға» біріктіру қажет деген шешім қабылданған еді. Алайда бұл реформаны тоқтаттық. Біз іргелі ғылымдар бөлек оқытылуы тиіс деп есептейміз», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Елімізде «педагог-шебер» санатын алу жеңілдей ме?

Министрдің айтуынша, бұл мәселе мұғалімдермен де талқыланған. Педагогтер іргелі пәндердің жеке-жеке оқытылуы оқушылардың базалық білімін қалыптастыруда маңызды екенін атап өткен.

Осылайша, министрлік қазіргі кезеңде мектеп бағдарламасының тұрақтылығын сақтауға және негізгі пәндердің мазмұнын тереңдетіп оқытуға басымдық беріп отыр.

Педагог мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізіледі

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 10:26

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді

Заң • Бүгін, 10:18

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады

Президент • Бүгін, 10:04

Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?

Экономика • Бүгін, 10:01

Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 09:50

Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 09:37

Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:14

Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды

Ата заң • Бүгін, 09:05

Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00

Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама

Қоғам • Бүгін, 08:55

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Құрылтай • Бүгін, 08:48

Қамкөңіл жандарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:45

Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік

Пікір • Бүгін, 08:43

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью