“Мектеп қайда қарап отыр?“ Қазақстандық ата аналар жыртылған оқулықтарға шағымданды

02.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Танымал әлеуметтік желіде Шымкент мектептерінің бірінде оқушыларға ескі, жыртылған оқулықтар берілгені туралы жазба тарады. Tengri Edu тілшісі пікір алу үшін қалалық білім басқармасына жүгінді.

Threads әлеуметтік желісіндегі жазба авторы тозығы жеткен оқулықтардың суреті мен видеосын көрсетті. Әйелдің айтуынша, мектепте бұл кітаптардың қолданыста жүргеніне 9 жылға жуықтағанын айтқан. Ол ақпаратты таратуды және мектеп оқулықтарына қатысты мәселені шешуге көмектесуді сұрады.

Қазақстандық әйел мектеп оқулықтарының сапасына шағымданды. Скриншот

Пікір қалдырушылар да осыған ұқсас оқиғаларын бөлісті. Кейбіреулер оқулықтардың мұндай күйге түсуіне оқушылардың өздері де себепші екенін, кітапханаға осындай күйде өткізетінін атап өтті.

Білім басқармасы не деп жауап берді?

Редакцияның сауалына берген жауабында басқарма өкілдері әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттан хабардар екенін жеткізді.

"Осыған байланысты, Шымкент мемлекеттік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлаймыз. Атап айтқанда, 2025/2026 оқу жылына жергілікті бюджеттен шамамен 2 миллиард теңге көлемінде тиісті қаржыландыру қаралды. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 554 382 дана кітап сатып алынып, олар білім беру ұйымдарына уақтылы бөлінді", - делінген хабарламада.

Басқарма 2026/2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен 2 миллиард теңгеден аса қаржы қарастырылғанын қосып өтті. Оқу қорын жаңарту, тозған оқулықтарды ауыстыру және оқушылардың қажеттілігін өтеу мақсатында 11 баспадан 600 мыңға жуық оқулыққа тапсырыс берілген.

"Қазіргі уақытта тапсырыс берілген оқулықтарды Шымкентке жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар келіп түскеннен кейін тозған оқулықтар кезең-кезеңімен ауыстырылады, ал білім беру ұйымдарындағы оқулық тапшылығына қатысты мәселелер белгіленген тәртіппен шешіледі", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, заң бойынша оқулықтармен дәл осы мемлекеттік білім беру ұйымдары қамтамасыз етілетінін еске салды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью