Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Біріншіден, балаңыздың қай мектепте оқиды соның киім үлгісін анықтап алу қажет. Мекеме басшылығының бекіткен киім үлгісі немесе келісіммен істейтін тігін цехы болар. Ол кезде мектеп формасына қатысты жұмысыңыз жеңілдей түседі. Тек балаңыздың өлшемін дұрыс берсеңіз жеткілікті. Ал егер киім формасы өзіңізден болса, алдымен мектепке қажетті заттың бәрін тізімдеп алыңыз. Мектеп немесе мұғалім берген тізім болса, соны негізге алыңыз. Бұл – бір.
Екіншіден, мысалы дәптер, қалам, өшіргіш, сызғыш секілді тізімделген құрал-жабдықты үйден бір қарап шығыңыз. Былтырғы оқу жылынан қалған, бірақ пайдалануға жарамды құралдарды қайта сатып алудың қажеті жоқ.
Үшіншіден, бағаны бірнеше жерден салыстырыңыз. Мәселен, дүкен → супермаркет → кеңсе тауарлары дүкені → онлайн дүкен. Бірдей тауардың бағасы дүкенге қарай ерекшеленуі мүмкін. Оның үстіне, бір дүкеннен барлық затты сатып алуға асықпаңыз. Алайда тек бағаға емес, тауардың сапасы мен ұзаққа қолдану мүмкіндігіне назар аударған жөн. Ең арзан затты бірнешеуін алғаннан гөрі, қымбатырақ болса да сапалысын алған дұрыс. Жарамдылығы да ұзаққа жетуі мүмкін.
Төртіншіден – дүкендегі түрлі-түсті, танымал кейіпкерлер бейнеленген немесе қосымша функциялары бар тауарлар балаға қызық көрінуі мүмкін. Бірақ олардың барлығы оқуына міндеттелмесе, алудың да қажеті жоқ. Мысалы, қарапайым қаламның орнына бірнеше есе қымбат сәндік қалам алу немесе қажет мөлшерден көп дәптер сатып алу бюджетіңізге қосымша салмақ салады. Сондықтан әр затты алар алдында «Бұл баланың оқуына шынымен қажет пе?» деп өзіңізден сұрап көріңіз.
Бесіншіден – сатып алуға алдын ала қаржы жоспарлаңыз. Мектепке дайындықты соңғы күндерге қалдырмай, шығынды алдын ала есептеген дұрыс. Мысалы, бюджетті бірнеше бөлікке бөліңіз: оқу құралдары + мектеп формасы + аяқ киім + спорттық киім + басқа қажетті заттар. Әр санатқа қанша қаражат жұмсай алатыныңызды белгілеңіз, оған қоса дүкенде қажетсіз заттарға артық ақша жұмсау ықтималдығы азаяды.
Мектепке дайындық міндетті түрде үлкен шығынды қажет етпейді. Бастысы ісіңізге ұқыптылық танытсаңыз, көп шығынсыз-ақ баланы мектепке дайындау мүмкін.