Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік мектепке тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр сымның қысқа тұйықталуынан шыққан. Бұл туралы Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шахмардан Әзірбаев айтып берді.
"18 желтоқсан таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласының мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деді ол.