Мектепте Даналық мектебі клубы қалай жұмыс істеп жатыр

04.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Клуб отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға және ұлттық тәрбие құндылықтарын сақтауға бағытталған алаң ретінде қызмет етеді.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, клуб жұмысы аясында «Әке өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы» бағыттары бойынша кездесулер, тренингтер және тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл сабақтар ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және отбасылық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған.

2025-2026 оқу жылының басынан бері клуб аясында шамамен 33 мың іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында сабақтардың мазмұны заманауи тәрбиелік міндеттерді ескере отырып жаңартылды.

Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ұрпақтар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты дамытуға, оқушыларды кітап оқуға баулуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасы мүшелерінің рөлі мен жауапкершілігін ұғындыруға ерекше назар аударылып жатыр.

Еске сала кетейік, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылдан бастап еліміздің барлық мектебінде «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

«Даналық мектебі» клубы тек іс-шаралар ұйымдастыру форматы ретінде ғана емес, сонымен қатар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, өзара құрметті қалыптастыруға және әрбір қоғам мүшесінің азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін рухани-тәрбиелік алаң ретінде қарастырылады.

Айта кетейік, жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 89 мың оқушыға орын ашылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью