Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?

09.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Respublica партиясы мектептегі тамақтандыруға 192 млрд теңге бөлінеді, алайда ас қоқысқа кетіп жатыр. Мұны партия өкілдері Мәжілісте Respublica партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров мектептегі тамақтанудың жаңа стандартын құптап отыр. Алайда оның айтуынша, қаржыландыру тетіктері қайта қаралмайынша, бұл стандартты толық іске асыру мүмкін емес. Талаптар күшейіп, тарифтер өзгеріссіз қалса, бұл тамақ сапасын төмендетеді.

Ал Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова мәзір стандарты бекітілгенін, тағамды ұсыну форматын ғана өзгертуге болатынын айтты. Оның сөзінше, ас дәмсіз болса, оны үйде де ешкім жемейді. Сондықтан мектептегі тамақты балалардың тәбетін ашатындай етіп ұсыну маңызды. Бұл ретте тағамды қалай ұсыну мәселесі асхана иелерінің құзырында, уәкілетті органдар бұл процеске араласпайды.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова бұл мәселені бірнеше ай бойы жүйелі түрде зерттеп жүргенін айтып, мемлекет талаптар мен оларғы жүзеге асыруға қажет шығындар көлемінің бір біріне сай емес дейді. Осы уақыт ішінде ол бірқатар өңірді аралап, мектептерге барып, мәзірмен танысып, мектеп асын өзі татып көріп, балалармен тікелей сөйлескен.

Тоқашы тәтті мектеп

Тығырықтан шығу жолы ретінде Е.Смолякова қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты нақты ұсынысын айтты. Оның пікірінше, ҚҚС есебінен қалыптасуы мүмкін шамамен 30 млрд теңге көлеміндегі үнемді мемлекеттік бюджетті қайта қарамай-ақ, мектептегі тамақтандыру тарифтерін арттыруға бағыттауға болады.

Ресми деректерге сәйкес, мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты елдің барлық өңірінде енгізілген, тек Астана қаласында ғана тамақ құнын анықтау мәселесі әлі де пысықталып жатыр. Қазіргі таңда мектептердің 99,9 пайызында тамақтандыру бар, оның ішінде 97,2 пайызында оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар мектептердің 89 пайызында тамақтандыру қызметін жеке кәсіпкерлер көрсетеді. Бұл тарифтердің дұрыс есептелуі мен қаржылық тұрақтылықтың маңызын айқын көрсетеді.

Мектеп асханасы мәзірінде қант пен тұз азайтылады

Сонымен бірге мониторинг нәтижелері тамақ сапасы мен тиімділігі мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетті. «Желінбей қалған тағам индексі» бойынша тағам қалдықтары 10 пайыздан асатын мектептердің саны 26-дан 17-ге дейін қысқарғанымен, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлі де жоғары. Тексерулер барысында қаралған асханалардың 84,7 пайызында санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталған. Бұл жағдай ата-аналардың сеніміне тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда мемлекет бюджеті есебінен 4 миллион оқушының тамағына 192 млрд теңге бөлініп отыр. Алайда Айдарбек Қожаназаров бұл көрсеткіш пен қазіргі жағдай арасында айқын қайшылық бар екенін атап өтті.

«Қомақты қаражат бөлініп жатыр, тонна-тонна ас қоқысқа тасталады, ал балалар сол күйі тоя тамақтанбай жүр», деді ол.

Астана қаласының бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының төрайымы Марина Лаптева мәселенің ата-аналар мен бизнес үшін ең ауыр тұстарын атап өтті.

«Мектеп асханаларында дайындалған тамақтың едәуір бөлігі желінбей қоқысқа кетеді. Бұл – ата-аналар үшін де, кәсіпкерлер үшін де алаңдатарлық жағдай. Мұндағы түйін тек қаржыландыруда емес, мәзірде, порция көлемінде және тағамды ұсыну тәсілінде», деді ол.

Сондай-ақ тамақтандырумен айналысатын кәсіпкерлердің бірі ауа райына байланысты сабақ өтпейтін күндері бюджеттен төлем жасалмайтынын айтады. Бірақ сол күндері де кәсіпкер қызметкерлердің жалақысын төлеп, асхананы ұстау шығындарын өз қалтасынан өтеуге мәжбүр. Бұл жағдай бизнесті тұрақты қаржылық шығынға ұшыратады.

Мектеп асханасындағы өзгеріс

Айдарбек Қожаназаров бұл мәселеге ең алдымен ата-ана ретінде қарайтынын атап өтіп, мектептегі тамақтандыру мәселесін жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.

«Мен тағамның 90 пайызы тек ұсыну формасына байланысты қоқысқа кетеді дегенге сенбеймін. Мүмкін, 5-10 пайызы солай болар. Бірақ балалар мүлде жемейтін тағамдар бар, оларды мәзірден алып тастау керек. Біз бәріміз ата-анамыз ғой. Егер баланы күн сайын өзі жемейтін тамақпен тамақтандырсаң, бір күні ол аш қалады. Біз үйде баламыздан үнемі «қандай тамақ жегің келеді, не ұнайды?» деп сұраймыз. Ал мектепте неге балалардың пікірін ескермейміз?», деді ол.

Партия төрағасы сондай-ақ Мемлекет басшысының балаларға қатысты ұстанымын еске салды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуы – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, мектеп асханаларында сапасы күмәнді азық-түлік қолданылмауы тиіс екенін жария түрде айтқан.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Бүгін, 21:32

Соңғы екі айда елімізге қанша адам көшіп келді?

Қазақстан • Бүгін, 21:25

UAE SWAT Challenge: Қазақстан командалары турнирдің барлық жүлделі орындарын иеленді

Байқау • Бүгін, 20:45

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы нысана көздеуден бес медальға ие болды

Спорт • Бүгін, 20:27

6 млрд теңге жымқырған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

Оқиға • Бүгін, 19:44

Елена Рыбакина WTA рейтингінде өз орнын сақтап тұр

Теннис • Бүгін, 19:22

Қатар төріндегі қазақ рухы

Мәдениет • Бүгін, 19:12

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы алғаш рет қазақ тілінде қойылады

Мәдениет • Бүгін, 19:00

Бас редакторлар клубы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын мәлімдеді

Ата заң • Бүгін, 18:40

Мұқағали рухына арналған тағылымды кеш өтті

Поэзия • Бүгін, 18:25

Алматылық жастар жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 18:15

Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық келісімі ратификацияланды

Президент • Бүгін, 18:12

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы: Жаңа Конституция жобасы еңбек адамдарының тілегімен үндеседі

Ата заң • Бүгін, 18:02

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысының реформалары жалпыұлттық бірлікті талап етеді

Сенат • Бүгін, 17:59

Қазақстанда бір палаталы Құрылтайды ықтимал тарату тетігін неғұрлым икемді ету ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 17:58

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью