Мектепте телефон қолдануға болмайды министрлік айыппұл салынатынын ескертті

06.11.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың сабақта телефон пайдаланғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Майра Мелдебекованың айтуынша, заңда оқу процесі кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынатыны жайында нақты айтылған.

"Ол үшін ата-ананың жауапкершілігі қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша алдымен ескерту жасалады. Ал құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады",-деді Мелдебекова сенатта өткен брифингте.

Кодексте айыппұл 5 АЕК (2025 жылда 19 660 теңгені) көлемінде белгіленген.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью