Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау жүйесін қай сыныптарда алып тастайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін министр БЖБ мен ТЖБ-дан біртіндеп алып тастау жоспарымен бөліскен болатын. Осы орайда диктант, мазмұндама және шығарманы қайта енгізу мәселесін қарастырылып жатыр.
"Дәл қазір оқу-ағарту министрлігінде БЖБ мен ТЖБ-ны бастауыш сыныптарда алып тастауды талқыланып жатыр. Себебі 2016 жылы енгізілген стандарттар, сондай-ақ, критериалды бағалау өз мақсаттарын орындап отырған жоқ. Біз осыны анық көріп отырмыз", - деді Сүлейменова журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, бұл бастаманы ұстаздар мен ата-аналар қолдап отыр.