Мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған: Ақтөбеде аутизмі бар 5 жасар баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген

01.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ақтөбедегі жемеменшік мектептің бірінде аутизмге шалдыққан 5 жасар ұлды қатарласы сатыдан итеріп жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға "Мозаика" атты мектепте үзіліс кезінде болған. Балалардың бірі 5 жасар ұлды итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатқан. Бала басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған.

Ал анасы сол сәтте тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырғанын айтады. 

БАҚ-тың мәліметінше, көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған. Тіпті, баланың ата-анасына да хабар бермеген. Оның мұндай жағдайға ұшырағанын анасы мектепке келгенде бір-ақ білген. Онда да ол ұлын мектептен алып қайтуға келген екен. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью