Мектептен тыс қайғылы жағдай : Алматыда 7 сынып оқушысы көз жұмды

18.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматыда жекеменшік мектептің 7-сынып оқушысы қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мектеп мәліметінше, қайғылы жағдай оқу орнының аумағынан тыс жерде болған.

«7-сынып оқушысының өліміне қатысты жағдай мектеп аумағында болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр», – деп хабарлады оқу орнынан.

Сондай-ақ мектепте барлық қауіпсіздік шарасы сақталып отырғаны және оқушыларға психологиялық қолдау көрсетілетіні айтылды.

- Алматы қаласы полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бостандық аудандық полиция басқармасы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью