Мектептерде гинекология кабинеті ашылуы мүмкін

22.10.2025

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда оқушы қыздар арасындағы жүктіліктің артуына байланысты мектептерге акушер-гинеколог мамандарды енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, білім беру мекемелерінде мұндай мамандардың болмауы — өзекті мәселелердің бірі. Қазір министрлік Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, мектептерге акушер-гинекологтардың қатысу тәжірибесін қайта енгізу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

«Журналистерге де айтарым: мұндай жағдайға тап болған балалар зор психологиялық күйзеліске ұшырайды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз — оларға оқуын жалғастыруға мүмкіндік беру және психологиялық қолдау көрсету», — деді министр.

Қазіргі уақытта бұл істер бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін қосымша мәліметтер жария етілмейді.
 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью