Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
— Үкіметпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге бөліп төлеулерді және BNPL-сервистер нарығын реттеу тәсілдері әзірленіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, банктерде бөліп төлеу құралдары реттелген. Ал банктен тыс бөліп төлеу жүйелері, мысалы, құрылыс компаниялары мен автодиллерлердің өнімдерін бөліп төлеу реттелмеген. Тұтынушылардың құқығын қорғау үшін аталған қаржылық қызметтерді реттеу шаралары енгізіледі, — деді Тимур Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылданды.