Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихын зерттеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және Абай Құнабайұлының мұарасын әлдемдік деңгейде дәріптеу туралы маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президенттің айтуынша, биылғы мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум өтеді.
Бұдан бөлек, көрермен назарына Алтын Орда мен Жошы хан туралы тарихи сериал ұсынылмақ.
Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерге деген құрмет мәселесіне де тоқталды.
Ол Көк байрақтың тұрғын үйлерде, автокөліктерде және қоғамдық орындарда жиі көрініс табуы халықтың патриоттық сезімінің нышаны екенін айтып, бұған ризашылығын білдірді.
Мемлекеттік кеңесші: Бурабайдағы құрылтайдан кейін 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды Жиын барысында Мемлекет басшысы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуді ұсынды.
Еске салайық, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.