Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласын дамыту тек жаңа ауруханалар салумен шектелмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, басты міндет – білікті мамандар тапшылығын азайтып, әсіресе ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасау.
«Әйтсе де ең заманауи ауруханалар мен озық құрал-жабдық – жұмыстың басы ғана екенін түсінгеніміз абзал. Негізгі мәселе – білікті маман тапшылығын жою, мұның зардабын әсіресе ауылдық жерлер тартып отыр. Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек жұмысшыларын қолдау бағдарламасын әзірлеу қажет. Адамдарға көмектесуге бірінші болып келетін жандар мемлекет қамқорлығын сезінуі керек. Олар үшін лайықты жалақы, толық әлеуметтік пакет және жергілікті жерде жұмыс істеуге ынталандыратын тетіктер болуға тиіс», деді Президент.
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Сонымен қатар Мемлекет басшысы медициналық білім беру жүйесін жетілдіріп, жетекші салалық жоғары оқу орындарын одан әрі қолдау қажеттігін атап өтті.
«Медициналық білім беру жүйесін дәйекті түрде жаңғыртудың ел болашағы мен ұлт саулығын сақтаудағы стратегиялық мәні зор. Салалық жоғары оқу орындары бұрынғыдай дәстүрлі білім беру мекемесі емес, іргелі ғылым мен жоғары технологиялар орталығы ретінде жаңғыра бастағаны қуантады. Білім беру үдерісі жетілдіріліп, клиникалық оқыту тәсілдері кеңейіп жатыр. Интернатура кәсіби даярлықтың толық кезеңіне айналады. Енді оны тәмамдаған түлектер базалық білімді меңгерген дәрігер ретінде жұмысқа кіріседі. Жаңа буын мамандарын әзірлейтін ұстаханаға айналған еліміздің жетекші медициналық оқу орындарын одан әрі нығайтуға қолдау көрсету маңызды деп санаймын», деді ол.
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр