Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26.08.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

"Парасат" орденімен

Өтелбаев Мұхтарбай – "Математика және математикалық модельдеу институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы

"Құрмет" орденімен

Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы – "№ 3 "Зерде" бөбекжайы" МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласыШерстобитова Марина Георгиевна – "Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Амерқанова Гүлбаршын Александровна – "№ 5 жалпы орта білім беру мектебі" КММ мұғалімі, Павлодар облысының Екібастұз қаласыАхметова Ақмарал Дүйсебекқызы – "№ 2 жалпы орта білім беру мектебі" КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданыӘлибаева Балмия Тұрабекқызы – "№ 24 мектеп-лицей" КММ мұғалімі, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласыДалмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы – "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ мұғалімі, Түркістан облысыКенжебекова Мереке Лесқұлқызы – "Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектеп" КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Шу ауданыКоровин Андрей Иванович – "Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық – технологиялық колледжі" МКҚК өндірістік оқыту шеберіНұрпейісова Гүлмира Көлбайқызы – "Жарбұлақ орта мектебі" КММ мұғалімі, Абай облысының Мақаншы ауданыТөлегенов Мақсат Қасымұлы – "Дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Астана қаласыУәлибаева Айнагүл Әбішқызы – "Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп" КММ мұғалімі, Жетісу облысының Кербұлақ ауданы

"Шапағат" медалімен

Герасева Ирина Михайловна – "А.М.Горький атындағы гимназия" КММ мұғалімі, Қостанай облысыЛяшова Ақерке Ермекқызы – "Балауса-Балғын" бөбекжайы" КМҚК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданыМырзабекова Жанна Қонысбекқызы – "№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ мұғалімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданы

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі

Ещанова Тамара Жеткербайқызы – "А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Алматы облысыЖұмахметова Жанар Бейбітқызы – "Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі" КММ мұғалімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы Исмаилов Қайрат Төлегенұлы – "Ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Қарағанды қаласыНоғайбаева Гүлнар Төленқызы – "А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы" МКК мұғалімі, Шымкент қаласыШілдебаева Айгүл Амангелдіқызы – "Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейі" КММ мұғалімі, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью