Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды

30.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту маңызды міндет екенін атап өтіп, бизнес өкілдерін осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс екенін айрықша атап өтті.

«Корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту – өте маңызды міндет. Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуге тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек. Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан. Кітаптар, газет-журналдар шығаруға, халықтың сауатын ашуға зор еңбек сіңірген. Бір сөзбен айтқанда, ұлттың бойында, болмысында жаңа қасиеттер қалыптастыруға белсене атсалысқан», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір де көптеген жомарт жанды азаматтар бар екеніне назар аударды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

«Олар қайырымдылық және басқа да әлеуметтік маңызы бар шараларға еріктілерді көптеп тартатын болды. Бизнес өкілдері корпоративтік волонтерлік қызметке назар аударып, осы бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуі керек. Қызметкерлердің қоғамдық жұмысқа белсене атсалысуына жағдай жасауы қажет. Мемлекет жұртқа жақсылық жасап, қоғамдық істерге ұйытқы болып жүрген кәсіпкерлерді қолдайды. Сондықтан мен былтыр арнайы «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Бұл марапат халықтың қамын ойлайтын отаншыл азаматтарға деген шынайы құрметтің белгісі болмақ», деді Мемлекет басшысы.

Президент Волонтерлер форумы елдің тағдыры, ұлттың болашағы айқындалатын шешуші сәтте өтіп жатқанына тоқталды.

«Мен былтырғы Жолдауымда алдағы саяси жаңғырудың негізгі бағыттары туралы ұсыныстарымды айттым. Бұл бастамалар қоғамның кең қолдауына ие болды, оны бүкіл ел болып талқыладық. Жарты жылдан бері конституциялық реформаға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Партиялардан, депутаттар мен сарапшылардан, заңгерлер мен қоғам белсенділерінен мыңдаған ұсыныс келіп түсті. Онда мемлекеттің институционалдық негіздерін өзгертуден бастап, Ата заңның мәтінін редакциялауға дейін, өте көп мәселе қамтылды. Азаматтардың белсенділігін ескере отырып, мен ұлттық Құрылтайдың Қызылордадағы отырысында бірқатар бастаманы жұртшылықтың назарына ұсындым. Оның бәрі бүкіл мемлекетті басқару жүйесін тиімді, орнықты әрі теңгерімді етуді көздейді.
Барша әлем өзгеріп, заман бұлыңғыр болып тұрған қазіргі алмағайып кезеңде, бұл – өте маңызды мәселе», деді Қасым-Жомарт Тоқаев .

Айта кетейік, қазір елімізде волонтерлер саны 300 мыңға жеткен. 

Сондай-ақ Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді

Президент • Бүгін, 12:56

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Волонтер • Бүгін, 12:54

Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады

Президент • Бүгін, 12:52

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

Президент • Бүгін, 12:44

Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді

Әлем • Бүгін, 12:43

«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?

Оқиға • Бүгін, 12:30

40 млрд теңге инвестиция: «Nobel» компаниясымен ірі келісімге қол қойылды

Медицина • Бүгін, 12:14

«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады

Кітапхана • Бүгін, 12:14

Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?

Ғылым • Бүгін, 12:03

Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін

Экономика • Бүгін, 12:00

Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Халық • Бүгін, 11:51

34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты

Спорт • Бүгін, 11:45

Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті

Әлем • Бүгін, 11:33

Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью