Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Мемлекет басшысы Кентау жылу энергия орталығын жаңғырту жұмыстарына бөлінген қаржының ауқымына назар аударып, 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген орталықты жаңғырту маңызды екенін атап өтті.
"Облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету қажет. Жұмыс созылып кетті. Үкімет пен "Самұрық-Қазынаға" осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі өндіріс кәсіпорындарының ашылып, жүздеген адамның жұмыспен қамтылып жатқанын атап, бұл ел ішінде атқарылып жатқан нақты жұмыстың көрінісі екенін жеткізді.
"Мен әрдайым айтып жүремін: аймақтарымыз қуатты болса, мемлекет те мықты болады. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің басты назарында тұратын стратегиялық мақсат болып қала бермек", – деді мемлекет басшысы.