Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Фото: Ақорда
Кездесу барысында Мемлекет басшысы CCCC компаниясының Қазақстанда ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтіп, оны күрделі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде бағалады.
Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Президент: Екібастұздағы Data Center Valley Орталық Азияның цифрлық тірегі болады
Сонымен қатар тараптар Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қарастырды. Мемлекет басшысы бұл жоба Каспий маңы елдері мен өзге өңірлерге қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ететін өңірлік орталықтың қалыптасуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Кездесу барысында энергетика саласындағы перспективалы бастамаларға да ерекше назар аударылды. Президент Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясының құрылысын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойылғанын құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жоба ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Қытай жаңа технологиялық дәуірдің келбетін бірге қалыптастырады
Қуаттылығы 600 МВт болатын гидрожинақтаушы электр станциясын Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде CCCC компаниясының еншілес кәсіпорны China International Water & Electric Corporation салуды жоспарлап отыр.
Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Президент Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Xiaomi корпорациясы мен CATL компаниясының басшыларын қабылдады.