Мемлекет басшысы: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі

24.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ақорда

Президенттің пікірінше, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті ел болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендей беру қажет.

«Елімізде осы бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Жаңа технологияларды енгізу үшін заңнамалық негіз жасалып, Цифрлық кодекс қабылданды. «Жасанды интеллект туралы» Заң күшіне енді. Таяу арада Қазақстанның цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітіледі. Бәріңізге белгілі, биыл елімізде – «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы». Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар. Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек», деді Мемлекет басшысы.

Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды

Президент цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тәсілдерді үнемі жаңартып отыруды талап ететінін атап өтті.

«Есептеуіш инфрақұрылымын ілгерілету маңызды бағыт болып қала береді. Суперкомпьютер кластерінің іске қосылуы еліміздің технологиялық дербестігін нығайтудағы айтулы уақиға болды. Келесі мақсат – елімізде Деректерді өңдеу орталығы алқабын құру. Аталған ауқымды жобаны іске асыру жаңа инвестиция тартуға және өңірлік цифрлық хаб ретіндегі позициямызды күшейтуге мүмкіндік береді. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі саналады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінен бастап креативті индустрияға дейінгі салаларды қамтиды. Жазда Астанада «Болашақ ойындары» өтеді. Дәстүрлі ережелер мен киберспортты ұштастыратын жарысқа әлемнің 50 елінен мыңға жуық спортшы қатысады. Жаңа спорт түрі озық технологияларды күнделікті тұрмысқа жедел бейімдеуге, ең бастысы, жастар арасында спортты насихаттауға жол ашады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгін Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көріп, бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты.

Соңғы жаңалықтар

Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты

Спорт • Бүгін, 15:40

Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді

Президент • Бүгін, 15:38

Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі

Теңге • Бүгін, 15:24

Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

Ипотека • Бүгін, 15:16

Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды

Әлем • Бүгін, 15:07

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?

Технология • Бүгін, 14:47

Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды

Президент • Бүгін, 14:30

14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды

Технология • Бүгін, 14:18

Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

Президент • Бүгін, 14:08

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді

Су тасқыны • Бүгін, 13:48

Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 13:30

Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды

Тұлға • Бүгін, 13:14

Халқымен қайта қауышқан қайраткер

Тұлға • Бүгін, 12:59

Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген

Қылмыс • Бүгін, 12:58

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью