Мемлекет басшысы экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жолын айтты

10.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Президент еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі болса да бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде, 38 пайызды құрайтынын атап өтті.

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

«Ал екінші деңгейлі банктер былтыр «шыбық басын сындырмай», еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты. Банктер экономиканың негізгі қаржыландыру көзі ретінде өзінің заңды рөліне оралуы үшін жағдай жасау қажет дегенді талай рет айтылды. Бірақ сылтау таусылмайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге куә болдық. Ірі, жүйе құраушы банктер мемлекет тарапынан орасан зор көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап, тура мағынасында 1 долларға сатылды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет пен жеке серіктестікті белсенді пайдалануды тапсырды

Мемлекет басшысы экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз ету үшін атқарылуы тиіс бірқатар маңызды мәселеге назар аударды.

«Қазір банктердің өзіне тартатын қаржы ресурстарының құны жоғары деген әңгіме айтыла бастады. Олардың экономиканы қаржыландыруына осы кедергі келтіріп отыр-мыс. Демек экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жалғыз жолы – инфляцияны тұрақтандырып, деңгейін төмендету, содан кейін нарықтық мөлшерлемені азайту.
Тағы да қайталап айтамын: бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің жүйелі, үйлесімді әрі кәсіби тұрғыда жұмыс істегені маңызды. Халықаралық валюта қорының кеңесіне құлақ асып, түрлі терминологияны оңды-соңды қолдануға аса көп ақылдың қажеті жоқ. Аздап ойланып, тым болмаса көптеген түйткілді шешуге талаптанып көру, бұл – басқа мәселе», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс

Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар: Телефон алаяқтарымен әзілдесудің өзі қауіпті

Қоғам • Бүгін, 13:55

Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?

Қоғам • Бүгін, 13:42

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс

Президент • Бүгін, 13:28

Тоқаев: Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды

Президент • Бүгін, 13:12

Мемлекет басшысы: Елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен

Президент • Бүгін, 13:00

Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет

Президент • Бүгін, 12:58

Тоқаев Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды

Президент • Бүгін, 12:49

Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады

Жасанды интеллект • Бүгін, 12:42

Президент Үкіметке жыл соңына дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын толық цифрландыруды тапсырды

Президент • Бүгін, 12:40

Ұлттық антифрод-орталығы 90 мың азаматты алаяқтардың арбауынан сақтап қалды

Президент • Бүгін, 12:31

Президент: Аймақтар экономикасында шешімін таппаған мәселелер әлі де бар

Президент • Бүгін, 12:10

Тоқаев: Цифрлық мемлекет құру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек

Президент • Бүгін, 12:06

Президент: Ата заңымызға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады

Президент • Бүгін, 12:00

Мемлекет басшысы: Салық жүйесін жаппай цифрландыруға шұғыл кіріскен жөн

Президент • Бүгін, 11:58

Президент Үкіметке бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізуді тапсырды

Президент • Бүгін, 11:58

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью