Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлар форумында сөйлеген сөзінде Конституциялық комиссия отырыстарында Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныстар берілгеніне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент комиссия жұмысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпін беретінін айтты.
«Халықтан келіп түскен ұсыныстарды жүйелеп, жинақтау үшін Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына барлық аймақтың өкілдері мен түрлі санаттағы азаматтар, халық қалаулылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, құқықтанушы ғалымдар, тіл мамандары және белсенді жастар кірді. Қоғам өкілдерін қамту ауқымы, кәсібилік мен азаматтық жауапкершілік тұрғысынан алғанда, мұндай комиссия елімізде бұрын-соңды болмаған деп сеніммен айтуға болады.
Комиссия мүшелері конституциялық реформаға қатысты әр мәселені егжей-тегжейлі қарап, жан-жақты талқылап, ауқымды жұмыс атқарып жатыр», деді Мемлекет басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Комиссияның 5 отырысы өтті. Оның бәрі әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетіліп, ақпарат құралдары арқылы кеңінен таратылды.
«Мен талқылау барысын мұқият қадағалап отырмын. Осы орайда, Ата Заңымызға қатысты көптеген прогрессивті, инновациялық ұсыныс берілді деп сеніммен айта аламын.
Түптеп келгенде мұның бәрі еліміздің Ата Заңына негіз болады. Бұл әлемде қалыптасқан қазіргі күрделі кезеңде біртұтас Қазақстан халқына бағыт сілтейтін маңызды құжатқа айналады деп сенемін», деді Президент.
Мемлекет басшысы егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойын білдірді.
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
«Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет.
Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын. Бұл да халқымыздың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды тәсілі деп сенемін.
Тағы бір айта кететін маңызды жайт: Комиссия Конституцияға қатысты ұсыныстың бәрін мұқият саралап шықты. Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», деді Мемлекет басшысы.
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Соңғы жаңалықтар
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 12:56
Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті
Волонтер • Бүгін, 12:54
Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 12:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 12:44
Киев пен Мәскеу ішінара атысты тоқтату туралы келісімге келді
Әлем • Бүгін, 12:43
«Үшарал – Достық» жолы жабылды: Қозғалыс қашан жанданады?
Оқиға • Бүгін, 12:30
40 млрд теңге инвестиция: «Nobel» компаниясымен ірі келісімге қол қойылды
Медицина • Бүгін, 12:14
«Алтыналмас» компаниясы Қызылордада 20 млрд теңгеге заманауи кітапхана салады
Кітапхана • Бүгін, 12:14
Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?
Ғылым • Бүгін, 12:03
Қарашығанақ дауы: Қазақстан 4 млрд долларға дейін өтемақы өндіруі мүмкін
Экономика • Бүгін, 12:00
Сауалнама: Ел азаматтарының 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды
Халық • Бүгін, 11:51
34 секунд айырмашылық: Кениялық желаяқ әлем рекордын жаңартты
Спорт • Бүгін, 11:45
Газа секторындағы ахуал: Құрбандар саны 70 мыңға жетті
Әлем • Бүгін, 11:33
Ғалам ғажаптары: Жердегі ең үлкен сурет қалай салынды?
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30
Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?
Аймақтар • Бүгін, 11:20