Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер министрі мәдени орталықтардың ашылу рәсіміне қатысты

04.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әл-Фараби орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті (Quaid-i-Azam University) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Ғимарат оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған. Орталық базасында қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ.

Мемлекет басшысы: Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесі

Қаныш Сәтпаев орталығы Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) мен Пәкістан ұлттық ғылым және технология университеті арасындағы ғылым, білім беру, сондай-ақ технология салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі уағдаластықтарға сәйкес жұмыс істейтін болады. 

Қожа Ахмет Ясауи орталығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Исламабад Халықаралық ислам университетінің келісімі бойынша ашылды.

«Достық» спорт орталығында тоғызқұмалақ және қазақ күресі бойынша пәкістандық федерациялар құру, Қазақстан шахмат академиясының, Qazaq batyry аралас жекпе-жегінің филиалдарын ашу, сондай-ақ екі елдің грэпплинг пен бокс федерациялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделіп отыр. Қос мемлекет пәкістандық жаттықтырушылар мен спортшыларды оқыту үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын қолға алмақ.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 21:32

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Бүгін, 21:15

Қазақстан мен Пәкістан арасында 200 млн долларға жуық келісім жасалды

Президент • Бүгін, 20:30

«Таза Қазақстан» жаңа Конституцияның өзегіне айналмақ

Қоғам • Бүгін, 20:25

Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды

Ата заң • Бүгін, 19:47

Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады

Экономика • Бүгін, 19:36

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 19:16

Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрі мәдени орталықтар және «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент • Бүгін, 19:01

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде KEGOC-тың негізгі қосалқы станцияларының қуаты күшейтілді

Оқиға • Бүгін, 18:55

Қазақстан мен Пәкістан ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Президент • Бүгін, 18:42

Мемлекет басшысы: Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесі

Президент • Бүгін, 18:40

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Саясат • Бүгін, 18:30

Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?

Спорт • Бүгін, 18:11

ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды

Ата заң • Бүгін, 18:11

Екі ел басшылары бірлескен декларацияға қол қойды

Президент • Бүгін, 17:55

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью