Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.
Фото: АқордаОқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған.
Фото: АқордаОқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.
Фото: АқордаҚасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген.
Фото: АқордаПрезидент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.
Фото: АқордаБұдан бұрын Тоқаев Tanym көпфункционалды кешенін аралағанын жазғанбыз.