Мемлекет басшысы өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды

25.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекет басшысы өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Тағы бір мәселе: елордада жұмыста жүріп жарақат алу деректері көбейіп барады.

Жыл басынан бері қаладағы өндіріс орындарында 32 адам зардап шегіп, 12 адам қаза тапқан.
Әкімдік Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.

Жұмыс орнында болуы мүмкін қауіп-қатерлерді саралап, оқыс оқиғалардың алдын алу қажет. Әр қайғылы оқиғаның себеп-салдарын мұқият зерделеп, тиісті қорытынды жасаған жөн»,-дейді Тоқаев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью