Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шарифтің келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақорда
Президент Исламабадқа келіп, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімен танысуды зор мәртебе санайтынын атап өтті.
«Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған сапар дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толуымен тұспа-тұс келгеніне тоқталып, мұның символдық мәніне назар аударды.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари қарсы алды
Президенттің айтуынша, Пәкістан – Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылатын Стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларация өзара ықпалдастыққа жол ашатын маңызды тарихи межені айқындайтынын айтты.
Мемлекет басшысының пікірінше, Астана мен Исламабад екіжақты байланыстар мен ынтымақтастыққа тың серпін беретін мүмкіндікке ие.
Президент Пәкістанға үлкен делегациямен және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ басқа да басым салалардағы ықпалдастықты арттыруға бағытталған нақты ұсыныстармен келгенін атап өтті.
Пәкістанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
Кездесуде көлік бағыттарын өзара ұштастыруға ерекше мән берілді. Бұл – Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі. Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын тоғыз жолдың торабында орналасқан.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдерімен үйлесімді қарым-қатынас жасау арқылы көлік-логистика саласындағы нақты жобаларды жүзеге асыруды жалғастырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ бүгінгі уағдаластықтардың жүзеге асырылуын пысықтау және екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың алдағы қадамдарын айқындау үшін мәртебелі мейманды биыл қарсы алуға дайын екенін жеткізді.
Кездесуде атап өтілгендей, Қазақстан мен Пәкістанның көпжақты алаңдарда, соның ішінде БҰҰ, ШЫҰ және басқа да ұйымдар аясында тығыз ықпалдастықты жалғастыруы маңызды.
Президент Пәкістан Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шахбаз Шариф Қазақстан Президентін Исламабадта ыстық ықыласпен қарсы алды
«Елімізге арнайы уақыт тауып келгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Пәкістан халқымен, Үкіметімен бірге Сізді қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегіміз келеді. Бұған күмәніңіз болмасын», деді Премьер-министр.
Шахбаз Шарифтің айтуынша, Пәкістан мен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастықты, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, цифрландыру салаларындағы серіктестікті дамытуда әлеуеті жеткілікті.
Премьер-министр екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша нақты әрі елеулі прогресс қажет екеніне назар аударды.
Келіссөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф екі ел халықтарының игілігі үшін сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 16:45
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Қоғам • Бүгін, 16:37
Мұхтар Шаханов өз атынан тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды
Қоғам • Бүгін, 16:28
Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі
Әлем • Бүгін, 16:15
«Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бағасы шарықтады
Экономика • Бүгін, 16:03
Алматы облысының «Qonaev Media» телеарнасы несімен ерекшеленеді?
Оқиға • Бүгін, 15:55
Екі облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Оқиға • Бүгін, 15:46
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Вице-президент және Халық кеңесі: Жаңа Ата Заң жобасы Варшавада таныстырылды
Ата заң • Бүгін, 15:13
Майкл Джексон туралы фильмнің трейлері жарық көрді: Джаафар Джексон ағасының рөлін қалай сомдады?
Мәдениет • Бүгін, 15:00
Заңғар, Айбар, Әсел: Алматыда үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 14:59
Тұман, көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 14:47
Президент Пәкістан Премьер-министрімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:30
Қазақстан таеквондошылары БАӘ-дегі турнирде үш қола медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 14:22
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:12