Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

30.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Үкімет негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп берді. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік орган жетекшілері басты бағыттар бойынша баяндама жасады.

Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін пысықтау қажеттігіне назар аударды.

Бұдан бөлек, отырыста Қазақстан Республикасының 2026-2030 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы қаралды.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын бұл Стратегия алдағы бес жылда болуы ықтимал сын-қатерлерге төтеп берудің негізгі тәсілдерін анықтайды.

Жиында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин орта мерзімге арналған басымдықтар, мақсатты индикаторлар мен стратегиялық тәуекелдерді басқару механизмдері жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы мемлекет дамуындағы жаңа кезеңге қадам басып, Қазақстанның Тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сенімді түрде қорғауға мүмкіндік туды.

Ал аталған Стратегия конституциялық қағидаттардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп, еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына жағдай жасайды.

Мемлекет басшысы ұлттық мүддені қорғау міндеттерін сапалы орындаудың маңызына баса мән берді. Оның қатарына, атап айтқанда, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; азаматтарды, қоршаған ортаны және ақпараттық кеңістікті қорғау деңгейін арттыру; киберқауіпсіздік шараларын күшейту және әлеуметтік-экономикалық саладағы тәуекелдерді азайту мәселелері кіреді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, білім мен технология салаларында сұранысқа ие білікті шетелдік мамандарды тартуға қолайлы жағдай жасайтын бағдарламаны жеделдетіп әзірлеуді тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды

Заң • Бүгін, 17:21

Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді

Экономика • Бүгін, 16:57

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді

Қоғам • Бүгін, 16:40

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

Қоғам • Бүгін, 16:07

Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды

Оқиға • Бүгін, 15:58

Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?

Әлем • Бүгін, 15:39

Әл-Фараби даңғылындағы оқиғадан кейін Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді

Қоғам • Бүгін, 15:23

Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру 1 шілдеге дейін жалғасады

Білім • Бүгін, 15:07

Швед үстелі мен ұлттық тағамдар: Әскери қызметшілердің жаңа ас мәзірі қандай?

Әскер • Бүгін, 14:58

Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды

Қоғам • Бүгін, 14:45

9 млн еуро шығын: Италиядағы музейден әйгілі суретшілердің туындылары ұрланды

Әлем • Бүгін, 14:18

Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 13:56

Алматы қорығында аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянды

Табиғат • Бүгін, 13:35

Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды

Білім • Бүгін, 13:16

Елдегі су қоймаларының жағдайы қандай?

Аймақтар • Бүгін, 13:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью