Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр

26.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында құқық қорғау органдарындағы цифрландыру үдерісінің біркелкі емес екенін атап өтіп, цифрлық шешімдерді жүйелеу, азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту және киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Құқық қорғау жүйесін цифрландыру үдерісі біркелкі емес, яғни әр жерде әрқалай. Әр мекеме цифрлық жүйесін өз бетімен дамытып жатыр. Біртұтас жүйе жоқ. Мысалы, кейбір органдар цифрлық тәсілдерді ұтымды қолданып жұмыс істейді. Ал кейбірі дұрыс амал-тәсіл таба алмай, қыруар қаржы жұмсап жүр. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, нағыз жымқыру. Сондықтан қаражатты орынсыз жұмсап, жаңа дүние жасаудың қажеті жоқ. Үкіметке қолданыстағы барлық цифрлық шешімдерді саралап, тексеріп, олардың тиімділігін арттыруды тапсырамын. Күштік құрылымдарға арналған түсінікті құрылымы бар және технологиялық стандарттары біркелкі бірыңғай цифрлық экожүйе жасалуға тиіс», деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Президент азаматтардың дербес деректерін қорғау қажет екенін де айтты. 

«Ақпараттық кеңістікте азаматтардың дербес деректері жарияланып кеткені туралы хабар жиі шығып жатады. Дербес деректерді барынша қорғау үшін бұл жұмыспен жүйелі түрде айналысу керек», деді Президент. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет екенін айтты. 

«Әлемде киберқылмыс өршіп барады. Жыл сайын мыңдаған азаматымыз соның құрбаны болып жатыр. Қазір интернеттегі алаяқтық қылмыстардың бестен бірі ғана ашылады. Бұл – өте төмен көрсеткіш. Киберқылмыспен күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет. Цифрлық қатерге төтеп беру үшін құқық қорғау органдары бір қадам алда жүруге тиіс. Озық ойлап, артта қалмаудың амалын табу қажет», деді ел Президенті. 

Айта кетейік, бүгін 26 қаңтарда Мемлекет басшысы Бас прокуратурада жиын өткізді. 

Бұған дейін Президент қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырғанын хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар

«Теңіз» кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

Экономика • Бүгін, 14:48

Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ

Президент • Бүгін, 14:46

TikTok жұлдызы Хаби Лейм өзінің ЖИ-сыңарын 975 миллион долларға сатты

Әлем • Бүгін, 14:43

Серік Сәпиев басынан өткен жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады

Оқиға • Бүгін, 14:34

Семейдегі онкологиялық орталық заманауи жабдықтармен толықты

Аймақтар • Бүгін, 14:20

Жалған табыс уәде еткендер Бурабай тұрғынын тақырға отырғызды

Оқиға • Бүгін, 14:11

Семейде жедел жәрдем көліктері жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 13:33

Жаңа қауіпті вирус: Үндістаннан келген адамдар ерекше бақылауда болады

Медицина • Бүгін, 13:02

Рейстердің себепсіз кешігуі: Депутаттар әуе тасымалына қатысты тұтынушылар шағымын талқылады

Қоғам • Бүгін, 12:53

Әрбір әрекетке құқықтық баға беріледі: Облыс әкімі Сәпиев пен Есімханов арасындағы жанжалға қатысты пікір білдірді

Оқиға • Бүгін, 12:49

Кореяда заңды жұмыс істеу мүмкіндігі: Қазақстан «EP S» жүйесіне қашан қосылады?

Еңбек • Бүгін, 12:33

Депутат Конституцияның «Жалпы ережелер» бөлімін жаңаша атауды ұсынды

Ата заң • Бүгін, 12:25

Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды

Медицина • Бүгін, 12:10

Конституциялық реформа: Ата заңның қай баптары қайта қаралады?

Ата заң • Бүгін, 12:04

Time журналының дерегі: Иранда екі күнде 30 мың адам қаза тапқан

Әлем • Бүгін, 11:53

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью