Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз

27.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл туралы Мемлекет басшысы Сербия Президентімен БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

«Сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланысты дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Қазір екі елдің арасындағы алыс-беріс көбейіп келеді. Елімізде 60-қа жуық серб компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен біздің экономикалық әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан сауда-саттық көлемін ұлғайтуға келістік. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия бұл жұмысқа баса мән беруі қажет», деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізге Александр Вучичпен бірге ірі кәсіпкерлер келгенін, сапар қарсаңында Қазақстан – Сербия Іскерлік кеңесінің отырысы өткенін еске салды.

«Бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет екенін атап өттік. Жалпы, біз Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аудардық. Былтыр Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл – ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жүк тасымалдайтын жаңа бағыттар ашу мәселесіне тоқталдық. Инфрақұрылым саласындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқыладық. Тиісті министрліктер мен операторларға нақты ынтымақтастық тәсілдерін айқындауды ұсындық. Энергетика саласында аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту үшін өзара іс-қимылды күшейтуге келістік», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Президент бейбіт атом энергетикасы бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі қарастырылғанын жеткізді.

«Келіссөз барысында жасанды интеллектіні және заманауи цифрлық технологияны жаппай енгізу стратегиялық тұрғыда маңызды екенін атап өттік. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан мен Сербия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында зор мүмкіндік бар.

«Біз агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті жандандыруға мүдделі екенімізді білдірдік. Соның ішінде өсімдік, тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтамыз деп келістік. Сербиялық «Mambikom Agrar» компаниясы Қазақстанда мұздатылған өнімдер шығаратын зауыт ашуға ниет танытып отыр. Бұл қадам аграрлық сектордағы ықпалдастықты жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Сондай-ақ біз мәдени-гуманитарлық, білім беру және туризм саласындағы қарым-қатынасты дамытуға уағдаластық», деді Президент.

Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады

Соңғы жаңалықтар

Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді

Ата заң • Бүгін, 16:53

Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады

Президент • Бүгін, 16:47

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 16:38

2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады

Инфрақұрылым • Бүгін, 16:27

Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды

Президент • Бүгін, 16:17

Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды

Ауа райы • Бүгін, 16:10

«Сарыарқа» хоккей клубы рудныйлық «Горняктан» басым түсті

Спорт • Бүгін, 16:04

Қарағандылық ғалымдар мен студенттер Конституциялық реформаны талқылады

Ата заң • Бүгін, 16:03

Партияаралық дебат өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

Ата заң • Бүгін, 15:50

Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 15:47

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді

Спорт • Бүгін, 15:40

Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды

Оқиға • Бүгін, 15:37

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Президент • Бүгін, 15:14

«Странджа кубогі»: Бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Спорт • Бүгін, 15:13

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью