Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі

21.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуде Түркістанның тарихи әрі рухани маңызына тоқталып, бұл өңірге ерекше ықыласы бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

фото: Ақорда

«Бүгін атажұртымыздың алтын бесігі – Түркістан шаһарына тағзым ету үшін арнайы келіп отырмын. Ризамын.

Менің Түркістанға ықыласым ерекше екенін жақсы білесіздер. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы сапарымды осы өлкеден бастадым. Түркістан – түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы», деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, Түркістан – халқымыздың болмыс-бітімі, қайсар рухы, теңдессіз мәдениеті және елдік дәстүрі көрініс тапқан киелі жер.

«Әйгілі Қожа Ахмет Ясауидің мол мұрасы – шежірелі шаһардың рухани қазынасы.

Әзірет Сұлтан кесенесі – түркі әлемінің берекелі тұтастығының символы. Төл тарихымызда есімі алтын әріппен жазылған тұғырлы тұлғаларымыз осы жерде мәңгілік мекенін тапқан», деді Қ.Тоқаев. 

Президенттің айтуынша, бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. 

«Түркістан – Қазақ хандығының саяси орталығының бірі екенін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бұл өңірде ұлтымыздың тағдырын айқындаған аса маңызды шешімдер қабылданды. Ордабасы жерінде осыдан үш ғасыр бұрын ел болашағына айрықша әсер еткен үлкен Құрылтай өтті. Бұл бірегей жиынның мән-мағынасы аса ерекше.

Құрылтайда үш жүздің билері және игі жақсылары түгел бас қосып, бір тудың астына жиналды. Ұлт бірлігінің арқасында батыр бабаларымыз Аңырақай шайқасында тарихи жеңіске жетіп, бүкіл сырт елдерге қазақ елі тұтастығының күшін паш етті.

«Осындай елдік пен ерлік дәстүрі ешқашан үзілген емес. Біз де тарих жолын жалғастырып, елімізде төрелі жиын, төбелі басқосулар өткізіп келеміз. Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркістанда өткенін жақсы білесіздер. Мен осы жерде «Адал азамат» тұжырымдамасын алғаш рет жарияладым.

Мамыр айының ортасында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының аясындағы тиісті мемлекеттер басшыларының ең жоғары деңгейдегі жиыны жоспарланып отыр. Бұл – қазіргі әлемдегі құбылмалы ахуалда өткізілетін өте маңызды халықаралық шара. Үкімет пен әкімдік осы жиынды мінсіз ұйымдастыруға мән беруі керек», деді ел Президенті. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Президент • Бүгін, 11:40

Еліміздің 13 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 11:34

Ынтымақ күні: Қазақстанда Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні тойланып жатыр

Мереке • Бүгін, 11:23

Бүгін елордада ауқымды дрон-шоу өтеді

Елорда • Бүгін, 11:05

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 10:33

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Бұқараны біріктіретін мейрам

Мереке • Бүгін, 09:50

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Бүгін республика бойынша қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью