Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақорда баспасөз қызметінің нақтылауынша, президенттің ресми сапары 28-30 қазан күндеріне жоспарланған.
"Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады", делінген хабарламада.