Мемлекет басшысы: Үй жануарларына қатыгездік көрсеткендерге қылмыстық жазаны күшейтуі керек

25.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясы аясында жануарларға қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент үй жануарларына қатыгездік көрсеткендер үшін жазаны барынша қатаңдатуды тапсырды.

«Үй жануарларының адамдардан қорлық көруіне жол бермеу керек. Үкімет үй жануарларын дұрыс күтіп-баптамағандарға берілетін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып, ал оларға қатыгездік көрсеткендерге кесілетін қылмыстық жазаны күшейтуі керек. Негізі, қаңғыбас иттер проблемасына азаматтардың немқұрайлылығы себеп: яғни олар бастапқыда жануарларға ықыласы ауып асырағанымен, кейіннен көңілдері қалып, керексіз заттай көшеге тастап кетіп жатады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу қажет», деді Мемлекет басшысы.

Президент жануарларға қамқорлық жасау ісінде «хайпқа» жол бермей, нақты іске көшу керектігін айтты.

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

«Сондай-ақ ешқандай «хайпқа» жол бермей, мамандандырылған жануарлар орталықтарының қызметіне қоғамдық бақылау қойған жөн. Бұл іске сіздер де үлес қосасыздар деп ойлаймын. Жалпы, қаңғыбас иттерге қамқорлықпен қарау қоғамның арасына сына қақпауға тиіс. Өңірлерден алған ақпаратқа сәйкес, балалар, тіпті, ересектер жабайы иттерден жиі зардап шегуде. Басты мәселе – осы. Сондықтан бұл проблемаға мемлекет пен жұртшылықтың, нақты айтқанда, заң шығару тұрғысынан Парламенттің араласпасына болмайды. Бірақ біз қорғансыз жануарларды жәбірлеген фактілерге де бей-жай қарамауымыз керек, атап айтқанда, үй жануарларын азаптағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан дұрыс. Осындай тәсілдер қоршаған ортаға озық әрі жауапты көзқарас қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл да «Таза Қазақстан» аясында атқарылуға тиіс істің бірі», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00

Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады

Президент • Бүгін, 13:22

Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады

Аймақтар • Бүгін, 13:06

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды

Президент • Бүгін, 12:40

Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27

Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі

Әлем • Бүгін, 12:18

Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды

Елорда • Бүгін, 11:47

Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады

Ауа райы • Бүгін, 11:25

Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін

Оқиға • Бүгін, 11:09

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 10:53

Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды

Оқиға • Бүгін, 10:21

Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін

Әлем • Бүгін, 10:08

Мәйітті төсектің астына жасырған: Солтүстік Қазақтан облысында әйел танысын балтамен ұрып өлтірген

Оқиға • Бүгін, 09:50

Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:04

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью