️Мемлекет басшысы: Жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ сипатта өрбуге тиіс

22.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі. Президент экологиялық саясатты қалыптастыру барысында әртүрлі елдердің, әсіресе экономикалық дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері ескерілуі керектігіне атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бұл тұрғыда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға ұзақ индустрияландыру үдерісі арқылы жеткені назарға алынуы тиістігін жеткізді.

️«Менің ойымша, экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік. Көп жағдайда экологиялық күн тәртібін әзірлеу немесе қалыптастыру барысында түрлі аймақтар мен елдердің, әсіресе, экономикалық әлеуетін нығайтуға ден қойған дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері мүлдем ескерілмейді. Алайда дамыған елдер қазіргі экологиялық стандарттарға индустрияландырудың ұзаққа созылған үдерісінің нәтижесінде жеткенін естен шығармайық. Сондықтан жаһандық экологиялық модельге көшу үрдісі әділ, теңгерімді және ынталандырушы сипатта өрбуге тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

«Баршамыз ақылға қонымды, мұқият ойластырылған прагматикалық тәсілге жүгінуіміз керек. Сонда ғана мемлекеттер орнықты даму қағидаттарына сай алға жылжып, өзінің экономикалық өсімі мен прогресіне қауіп төндірмейді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық бізді бөлмей, керісінше бір мақсатқа біріктіруге тиіс. Ешкім бір-бірін жария түрде айыптамауы, өзгеден мін іздемеуі қажет. Бейбітшілік пен орнықты дамуға мүдделі серіктестер ретінде жауапкершілікті сезініп, нақты әрекет еткеніміз дұрыс».

Соңғы жаңалықтар

Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті

Оқиға • Бүгін, 12:45

Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды

Парламент • Бүгін, 12:44

Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды

Парламент • Бүгін, 12:35

Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:25

Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді

Театр • Бүгін, 12:20

Ұлыбританияда кәмелетке толмағандарға зиянды өнімдерді сатуға өмір бойына шектеу қойылды

Әлем • Бүгін, 12:06

Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды

Әлем • Бүгін, 11:57

Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр

Президент • Бүгін, 11:50

Жапония алғаш рет шетелге қару экспорттауға рұқсат берді

Әлем • Бүгін, 11:41

Автомектептерде олқылықтар анықталды: 700-ден астам оқу тобы жабылды

Оқиға • Бүгін, 11:35

17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:24

Пышақ ала жүгірген: Астанада 7 жастағы баланың әрекеті жұртты шошытты

Оқиға • Бүгін, 11:15

35 млн теңге өтемақы: Алматыдағы жол апатынан зардап шеккен отбасы сот шешіміне наразы

Оқиға • Бүгін, 11:01

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады

Саясат • Бүгін, 10:59

Елордада жылу беру маусымы аяқталды

Елорда • Бүгін, 10:53

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью