Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын Құрылтай деп атауды ұсынды | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Парламенттің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мемлекет басшысы құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалу туралы айтты.
«Болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Құрылтай деген атауды беру керек деп ойлаймын.
Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтергенмін.
Осы баяндаманың басында құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.
Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент депутаттар санына қатысты мәселе қызу пікірталас туғызғанын айтты.
Читать полностью
Читать новость