Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
– Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.
Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген.
Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.
Премьер-министр Санаэ Такаити басқаратын Жапонияның билеуші Либерал-демократиялық партиясы (ЛДП) парламенттің төменгі палатасына кезектен тыс сайлауда 465 дауыстың үштен екісін иеленіп, тарихи жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.