Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға ерекше мән береді Ерлан Қарин

24.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек культін ілгерілету, жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру саясатын жүйелі әрі жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.  Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан 9 құрметті атақ қосылды: ғалымдар мен өнертапқыштар, инженерлер, архитекторлар мен құрылысшылар, кеншілер мен шахтерлер, геологтар, өнеркәсіп, көлік, су және аграрлық сала жұмысшылары үшін.   Елімізде 63 кәсіби мереке аталып өтіледі, Еңбек күніне ерекше маңыз берілген.   Жыл сайын еліміздің дамуына адал еңбегімен жеке үлесін қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырылады.   Республика күні қарсаңында Президент түрлі сала бойынша 500-ден астам жұмысшыны, еңбек әулеттерінің 138 өкілін, 200-ден астам ғалым мен педагогті, медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградамен марапаттады.   Ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек ері» атағы көп жылдық еңбек өтілі бар әрі еңбек әулеттерінің өкілі саналатын механизатор М.Қаражұманов пен шахтер С.Чернобайға берілді.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью