Мемлекет басшысының реформалары туралы жаңа кітап көпшілікке таныстырылды

25.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Аталған жинақ – сарапшылар мен менторлардың «Талдау мектебінің» оқыту бағдар­ламасы аясындағы бірлескен жұмысының нәтижесі. Кітапта «Урбанистика, болашақ қалалар және өңірлік даму», «Энергетика және орнықты инфрақұрылым» «Экология және климаттық саясат» «Агроөнеркәсіп және ауылдық жерлердің орнықты дамуы» «Инклюзивтілік және әлеуметтік саясат», «Білім және адам капиталы», «Проактивті мемлекеттік басқару» секілді жеті негізгі бағыт бойынша зерттеулер топтастырылған. Туын­ды мемлекеттік органдардың басшыларымен қатар қалың оқырманға да арналғанын атап өткен жөн.

Тұсаукесер барысында Мәулен Әшімбаев қазіргі жағ­дайда шешім қабылдау жан-жақты талдауды талап ететінін, ал аналитикалық қыз­мет мемлекеттік басқарудың маңыз­ды стратегиялық тетігіне айналғанын атап өтті. Сон­дай-ақ ол осыған байланысты терең талдау жүргізе алатын мамандардың жаңа буынын даярлау қажеттілігі артқанын атап өтті. «Талдау мектебінің» қызметі мен жарық көрген жинақ дәл осы стратегиялық міндетті жүзеге асыруды көздейді.

«Жасанды интеллект дәуі­рінде мемлекеттік басқа­рудың тиімді парадигмасын қалыптастыру – аналитикалық және тәжірибелік қызметтің аса маңызды бағыты. Мемлекеттік басқарудың болашақтағы үлгісі – нағыз smart governance, яғни ақылды, технологиялық және икемді басқару. Бұрынғы басқару тәсілдері бүгінгі әлемде толыққанды нәтиже бере алмайды. Smart governance – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту бағдарының маңыз­ды бағыттарының бірі. Осы ретте сіздердің ұжымдық зерт­теулеріңіз Әділетті Қазақстанда жаңа басқару парадигмасын қалыптастыруға қосылған елеулі үлес екені сөзсіз», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тари­хының жеті тарауы» кітабы мен «Талдау мектебі» аясын­да әзірленген баяндамалар жи­нағының мазмұндық әрі тұ­жырымдамалық сабақ­тастығына тоқталды. Автордың әр жылдары жарияланған мақа­лаларының негізінде дайын­далған еңбек елдегі жаңғыру үдерістерінің ішкі мәнін ашуға арналған. Кітапта жүргізіліп жатқан бар­лық өзгерістер Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі әрі дәйек­ті сая­сатына табан тірей­­­тіні айтылған. Жаңа туын­ды­ның жеті тарауында экономикадан бастап ұлттық біре­гейлікке дейінгі маңызды салалар жан-жақты зерделеніп, реформалардың философиялық мәні мен жаһандық маңызы кеңінен талданған.

«Реформалар мәні. Қазақ­станның болашақ тарихының жеті тарауы» кітабы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғырту бағдарламасына арналған. Еңбектің әр тарауында Мемлекет басшысының ауқымды реформалар бағдарының негізгі бағыттарына талдау жасалады. Ішкі саясат пен экономика, өңірлік даму мен ұлттық бірегейлік, парламенттік реформалар және Қазақстанның халықаралық аренадағы орны зерделенді. Алайда кітаптың басты өзегі реформалардың мәнін, олардың философиялық негіздері мен жаһандық маңы­зын талдау екенін атап өткен жөн», деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу барысында Мем­лекет басшысының Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси бағдарын ілгерілету және жүзеге асыру жөніндегі бастамалар мен өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кітаптарды көпшілікке таныстыру рәсіміне Парламент депутаттары, мемлекеттік орган­дардың өкілдері, халық­аралық және қоғамдық ұйымдар­­дың мүшелері, сондай-ақ, сарап­шы­лар мен ғылыми-зерттеу орта­лық­тарының мамандары қатысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью