Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

29.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: kt.kz

Қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғауға арналған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Көл маңына қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылған.

«Алдағы уақытта келушілер үшін арнайы автотұрақтар мен шолу алаңдарын салу жоспарланған. Бұл туристерге табиғатқа зиян келтірмей көлдің ерекше көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Көбейтұз көлінде табиғатты сақтау мақсатында бірқатар шектеу күшіне енді. Атап айтқанда, автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, көлге шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға тыйым салынды. Аумақты ұлттық парк инспекторлары мен полиция қызметкерлері тәулік бойы күзетеді», делінген Ақмола облысы әкімдігінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қабылданған шаралар соңғы жылдары антропогендік әсерден зардап шеккен бірегей экожүйені сақтауға бағытталған. Осыған байланысты Ақмола облысының әкімдігі тұрғындар мен туристерді белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Көбейтұз көлінде уытты химиялық заттар шоғырланғаны анықталды

Айта кетейік, Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі ерекше қызғылт түсімен танымал. Соңғы жылдары бұл табиғи нысанға келетін туристер саны айтарлықтай көбейген.

Еске сала кетейік, бұған дейін ⁠Президент тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі берілетіндігін хабарлаған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью